07 қыркүйек 2018 | 09:27

Трамп өміріндегі ең жақсы кездесуі Путинмен болғанын айтты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен болған кездесуін өміріндегі ең жақсы кездесулердің бірі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен болған кездесуін өміріндегі ең жақсы кездесулердің бірі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

"Бұл өте қызықты. Солтүстік Кореямен келіссөздер жүргізгенімде олар "Ол тым қатал, ол тым қатал" дейтін. Өмірімдегі ең жақсы кездесулерімнің бірі Владимир Путинмен болды және олар "Ол тым мейірімді болды, ол тым мейірімді болды" деген. Олар менің бокс жекпе-жегін жасағанымды қалды. Керемет кездесу болды", - деді Трамп Монтана штаты, Биллингс қаласындағы митинг кезінде.

16 шілдеде Хельсинкиде Америка Құрама Штаттары мен Ресей президенттерінің алғашқы толыққанды келіссөздері өтті. Президенттер екі сағаттан аса әңгімелесіп, кейін делегациялар кеңейтілген құрамда түскі ас ішті, содан кейін олар журналистердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу қорытындысы бойынша көшбасшылар екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға мүдделі екенін білдірді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети