Трамп "Оскар" жүлдесін тапсыру рәсімінде болған дауға қатысты пікір білдірді

Дональд Трамп. © REUTERS

А?Ш президенті Дональд Трамп "Оскар" ж?лдесін тапсыру р?сімінде бол?ан дау?а ?атысты пікір білдірді. Трампты? айтуынша, "?здік фильм" номинациясыны? же?імпазын жарияла?анда?ы ?ателік саясат?а байланысты болды, - деп жазады Breitbart News.

АҚШ президенті Дональд Трамп "Оскар" жүлдесін тапсыру рәсімінде болған дауға қатысты пікір білдірді. Трамптың айтуынша, "Үздік фильм" номинациясының жеңімпазын жариялағандағы қателік саясатқа байланысты болды, - деп жазады Breitbart News.

"Олар саясатқа көп мән береді. Бұл өкінішті-ақ", - деді Дональд Трамп. 

Сондай-ақ, АҚШ президенті осы қателік үшін "Оскар" жүлдесінің беделінің де түсіп қалғанын айтып өтті. "Тамаша кеш болды деп айта алмаймын. Мен "Оскар" жүлдесін тапсыру рәсімдерінің бірнешеуінде болдым. Бірақ бұл жолы бірдеңе жетіспеді, ал марапаттау рәсімінің былай аяқталуы өте өкінішті", - деді АҚШ президенті.

Реклама
Реклама

 

Еске сала кетейік, кеше, 27 ақпанда "Оскар" жүлдесінің 89-шы марапаттау рәсімі өткен болатын. Алайда салтанатты іс-шара даумен аяқталды. Басты аталымдар бойынша жеңімпазды атау барысында жүргізуші фильмдердің атауын шатастырып алған болатын. "Ла-ла Ленд" авторлары алғыс сөзін айтып біткенде Уоррен Биттидің қателескені белгілі болды. Сөйтіп, жылдың үздік фильмі "Лунный свет" болды. "Не болғанын білмеймін, бірақ тек өзімді кінәлаймын. Бүлдіретінімді біліп едім! Енді қайтып келмеймін деп уәде беремін", - деген еді Джимми Киммел шара соңында. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама