Трамп өзін өлімнен аман алып қалған күзетшіні басшы етіп тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп өзін өлімнен аман алып қалған күзетшіні басшы етіп тағайындады Фото:depositphotos.com/Ale_Mi

АҚШ президенті Дональд Трамп 2024 жылғы шілдеде өзіне жасалған қастандық кезінде республикашылды күзетіп тұрған Шон Карранды АҚШ Құпия қызметінің басшысы етіп тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп 2024 жылғы шілдеде өзіне жасалған қастандық кезінде республикашылды күзетіп тұрған Шон Карранды АҚШ Құпия қызметінің басшысы етіп тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Шон Карранды Америка Құрама Штаттарының Құпия қызметінің директоры ретінде тағайындағанымды мақтан тұтамын", - деп жазды Трамп Truth Social сайтында.

Президентттің сөзінше, Карранның құқық қорғау саласында 23 жылдық тәжірибесі бар.

"Ол өз өмірін қатерге тігіп, мені Пенсильвания штатындағы Батлердегі қанішердің оғынан құтқарып, өзінің батылдығын дәлелдеді. Мен Шонның Америка Құрама Штаттарының Құпия қызметін бұрынғыдан да күштірек ететініне сенімдімін", - деп қосты АҚШ президенті.

Еске салайық, Трампқа 14 шілдеде қастандық жасалды. Ол Пенсильванияда сөз сөйлеген кезде ер адам оқ жаудырған. Дональд Трамптың құлағына оқ тиді. Митингіге қатысқан бір адам қаза тапты. Оқ атқан 20 жастағы америкалық Томас Мэттью Круксты Құпия қызмет офицерлері өлтірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети