Трамп Путинге хат беріп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп Путинге хат беріп жіберді

Америкалық сенатор Рэнд Пол Владимир Путиннің әкімшілігіне АҚШ лидері Дональд Трамптың хатын жеткізді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық сенатор Рэнд Пол Владимир Путиннің әкімшілігіне АҚШ лидері Дональд Трамптың хатын жеткізді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Президент Трамптың хатын президент Владимир Путиннің әкімшілігіне жеткізу мен үшін мәртебе. Хатта түрлі саладағы алдағы қарым-қатынастың маңыздылығына мән берілген, оның ішінде терроризммен күрес, заң саласында диалогты кеңейту және мәдени айырбасты қалпына келтіру мәселелері бар", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путинге хаттың "дипломатиялық жолдар" арқылы жеткізілгенін, бірақ Кремльдегілердің хатты әлі оқымағанын айтты.

Осы аптада Мәскеуге америкалық сенаторлар делагациясы келген, олардың қатарында Полмен қатар Техас штатының заңнама жиналысы сенаты мүшесі Дон Хаффайнс және Катона Институтының президенті Питер Геттлер бар. Дүйсенбі мен сейсенбіде олар ресейлік үкімет мүшелерімен кездескен.

Пол депутаттармен Сириядағы және Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарында ұсталған ресейлік Мария Бутинаны талқылаған. Пол Ресейге жасаған сапарына көңілі толатынын мәлімдеді. 

Владимир Путин мен Дональд Трамптың алғашқы толықформатты кездесуі 16 шілдеде Хельсинкидегі президент сарайында өткен. Лидерлер барлығы 4 сағаттай сөйлескен, әңгіменің көп бөлігі жабық тәртіпте өтті. Тараптар кездесуге жағқсы баға беріп, келешектегі байланыстың жақсара түсетінін жоққа шығармады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети