Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей билігінің "зиянды әрекеттеріне" байланысты төтенше жағдай режимін тағы бір жылға ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей билігінің "зиянды әрекеттеріне" байланысты төтенше жағдай режимін тағы бір жылға ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Басылым елдің Федералды реестріндегі деректерді келтірді.

"Бұл Ресейдің активтерін бұғаттауды және санкцияларды, сондай-ақ Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенімен (ВПК) жұмыс істейтін шетелдік қаржы институттарына қатысты екінші деңгейлі шектеулерді ұзартуды білдіреді", – делінген материалда.

"Зиянды әрекеттер" қатарына "АҚШ-та және оның одақтастарында еркін сайлау өткізуге кедергі келтіру", киберқылмыстар, "шетелдік үкіметтерге ықпал ету үшін трансұлттық сыбайлас жемқорлықты ынталандыру және пайдалану", диссиденттер мен журналистерге қысым, Вашингтон үшін стратегиялық аймақтардағы қауіпсіздікке нұқсан келтіру және халықаралық құқық қағидаттарын бұзу жатады.

"Ресей Федерациясы үкіметінің нақты зиянды әрекеттері... АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясатына және экономикасына төтенше қауіп төндіруді жалғастырып отыр, – делінген құжатта. – Мен 14024-атқарушы жарлықпен жарияланған елдегі төтенше жағдай режимін тағы бір жылға ұзартамын".

Айта кетейік, бұл режимді оның алдындағы президент Джо Байден 2021 жылғы 15 сәуірде енгізген болатын. Сол кезде Байден Конгреске Мәскеуден төнетін "төтенше қауіпке" байланысты Ресейдің жеке және заңды тұлғаларына қарсы санкциялар туралы жарлыққа қол қойғанын хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro