Трамп Таулы Қарабақтағы жанжалға қатысты ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп Таулы Қарабақтағы жанжалға қатысты ойын айтты Фото: Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Таулы Қарабақтағы жанжалдың ушығуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп Таулы Қарабақтағы жанжалдың ушығуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Трамптың айтуынша, Вашингтон жағдайды бақылап отыр.

"Біздің сол аймақтағы қарым-қатынасымыз жақсы. Бұл (шиеленісті - ескерту) тоқтата аламыз ба, оны көреміз", - деді ол.

НАТО Таулы Қарабақтағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ, Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты Трамптың президент сайлауындағы қарсыласы, Демократиялық партия өкілі Джо Байден де алаңдаушылық білдірді. Ол бұл аймақтағы жанжал одан әрі ушыға түсуі мүмкінін атап өтті. Сондықтан Байден тараптарды деэскалацияға шақырды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі үш танк жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды

Еске салайық, 27 қыркүйек күні таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Бүгіннен бастап Әзербайжанда да соғыс жағдайы енгізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети