Трамп трансгендерлерге АҚШ әскерінде қызмет етуге тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп трансгендерлерге АҚШ әскерінде қызмет етуге тыйым салды © РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендерлерге әскерде қызмет етуге тыйым салатын меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл құжатты Ақ үй таратты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендерлерге әскерде қызмет етуге тыйым салатын меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл құжатты Ақ үй таратты.

Президент бұл шешімді қорғаныс министрі мен әскери сарапшылардың кеңесінің негізінде қабылдаған. Меморандумға қарағанда, әскерде "гендерлік дисфорияға" шалдыққан, медициналық көмекке мұқтаж (оның ішінде операция мен медикаменттер) адамдарға қызмет етуге тыйым салады. 

Бұл шешім "әскерилердің тиімділігіне айтарлықтай қатер төндіретіні үшін" шығарылып отыр екен.

 Алайда, меморандум бойынша, белгілі бір жағдайларда трансгендерлерге әскерде борышын өтеуге мүмкіндік жасалуы мүмкін. 

Кейбір мәліметтер бойынша, АҚШ әскерінде 1,3 мыңнан 6 мыңға дейін трансгендер қызмет етеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети