Трамп Twitter желісіндегі парақшасы ашылғаннан кейін видеоүндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп Twitter желісіндегі парақшасы ашылғаннан кейін видеоүндеу жасады © Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасы бұғатталғаннан кейін ашылып, екі минуттық видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасы бұғатталғаннан кейін ашылып, екі минуттық видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Трамп "өзге де америкалықтар" секілді зорлық, заңсыздық орнап, жағдайдың нашарлауына наразы болғанын айтты. Оның сөзінше, Трамп "Ұлттық гвардия мен федерал тәртіп сақшыларына ғимараттың қауіпсіздігі мен оның ішіне кіріп кеткендерді шығаруға" бірден бұйрық берген. 

"Заңды бұзғандар: сендер жауап бересіңдер", - деді Трамп. 

Президент сайлау нәтижесімен келіспегендіктен барлық заңды мүмкіндігін қолданғанын мойындады. Трамптың сөзінше, оның мақсаты - сайлаудың шынайылығын сақтау болған.   

"Мен барлық сайлаушының дауыс беру рұқсатын тексеру үшін және алдағы барлық сайлауға деген сенімді қамтамасыз ету үшін сайлау туралы заңнаманы реформалауымыз керек деп санаймын", - деді Трамп.

Вашингтондағы тәртіпсіздік: оқиғаның мән-жайы

Еске салайық, кеше Вашингтондағы тәртіпсіздіктер кезінде Трамптың Twitter, Facebook және Instagram желісіндегі парақшалар 12 сағатқа бұғатталған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети