Трамп видеоүндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп видеоүндеу жасады Видеодан алынған кадр

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп америкалықтарды бейбітшілікке шақырып, Капитолийге шабуыл жасағандар өзінің "нағыз" жақтаушылары емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды CNN.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп америкалықтарды бейбітшілікке шақырып, Капитолийге шабуыл жасағандар өзінің "нағыз" жақтаушылары емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды CNN.

Бірақ, журналистердің айтуынша, Трамп импичмент туралы жаңалыққа пікір білдірмеді. Айта кетейік, мұның алдында АҚШ-тың Өкілдер палатасы Дональд Трампқа импичмент жариялауға байланысты дауыс бергені хабарланған еді. 

Дереккөз мәліметінше, Трамп өткен аптада қайғылы оқиғаларға әкелген әрекеттері үшін қандай да бір жауапкершілікті мойнына алудан бас тартып отыр.

"Менің шынайы жақтаушыларымның ешқайсы саяси зорлық-зомбылықты қолдай алмайды, бірде-бір жақтаушым құқық қорғау органдарына немесе біздің ұлы америкалық туымызға деген құрметсіздікті қолдай алмайды, менің шынайы жақтаушыларымның ешқайсы өз отандастарын ренжіте алмайды. Сіз осындай әрекет жасасаңыз, сіз біздің қозғалысымызды қолдамайсыз, керісінше оған шабуыл жасайсыз және біздің елге шабуыл жасайсыз", - деді Трамп Ақ үйдің Twitter желісіндегі парақшасында жариялаған видеосында.

Президент Капитолийдегі тәртіпсіздіктерге кінәлілер жауапқа тартылады деп уәде берді.

АҚШ Өкілдер палатасы Дональд Трампқа импичмент жариялады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети