Трамптың сынамасынан коронавирус белгісі табылмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамптың сынамасынан коронавирус белгісі табылмады

АҚШ президенті Дональд Трамптың дәрігері Шон Конли Ақ үй басшысының коронавирусқа сараптамасының нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамптың дәрігері Шон Конли Ақ үй басшысының коронавирусқа сараптамасының нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

14 наурызда Вашингтондағы баспасөз мәслихатында президент жұмада коронавирусқа сынама тапсырғанын айтқан. Сол кезде дене қызуының жоқ екенін мәлімдеген еді. 

Шон Конлидің айтуынша, Трампта коронавирус жоқ. "Бүгін COVID-19 сынамасының нәтижесі теріс екені белгілі болды", - делінген Ақ үй хабарламасында.

Бұған дейін Трамппен кездескен бразилиялық делегация мүшесі коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети