Трамптың түрмеде түскен ресми суреті жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамптың түрмеде түскен ресми суреті жарияланды Фото Fox News/Fulton County Sheriff's Office

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қамауға алу кезінде суретке түскен АҚШ тарихындағы бірінші мемлекет басшысы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қамауға алу кезінде суретке түскен АҚШ тарихындағы бірінші мемлекет басшысы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап.

Трамп 24 тамызда кешке полицияға берілген. Оның өзі Джорджия штатының Атланта қаласындағы Фултон округінің түрмесіне барған. Тарихи сурет Фултон округінің шериф кеңсесінде түсірілген, бұл АҚШ президентінің түрмедегі алғашқы фотосы.

Трамп журналистерге Джорджия шенеуніктері суретке түсіруді талап еткенін айтты.

"Ыңғайсыз сезім, әсіресе жаман ештеңе істемеген болсаңыз", - деп қосты экс-президент.

Ол 2020 жылы Джорджиядағы сайлау нәтижелеріне араласты деген күдікпен түрмеде отырғанын атап өтті.

"Мұның бәрі Вашингтон, Әділет министрлігі және алаяқ Джо Байден (АҚШ президенті - еск.) арқылы болып жатыр. Біздің елде бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес", - деді Дональд Трамп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети