Трамптың "бауыздалған" суреті арнайы қызметтердің басын қатырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамптың "бауыздалған" суреті арнайы қызметтердің басын қатырды © tmz.com

TMZ басылымы тележүргізушінің қолында Дональд Трамптың "қанға боялған" басы түсірілген суреттер мен видеоларды жариялаған соң АҚШ президентінің және басқа да жоғары қызметтегі шенеуніктердің қауіпсіздігі үшін жауап беретін елдің құпия қызметі тексеріс бастады.

CNN телеарнасының жүргізушісі әрі комедия жанрындағы фильмдердің актрисасы Кэти Гриффин фотограф Тайлер Шилдспен фотосет өткізген. Сол кезде белгілі тележүргізуші АҚШ президентінің "кесілген" басының макетімен суретке түскен.

Басылымның мәліметінше, фотограф Тайлер Шилдс осындай арандату сипатындағы жұмыстарымен белгілі. Сондай-ақ, тележүргізуші фотосеттен кейін олардың түрмеге қамалуы мүмкін болғандықтан бірге Мексикаға көшіп кететінін айтып әзілдеген.

Ал кейінірек АҚШ құпия қызметінің Twitter желісіндегі парақшасында осы жағдайға байланысты жазбалар пайда болды. "Осы мәселемен айналысып жатырмын. Құпия қызметінің сенімді барлау бөлімшесі бар. Олар әлеуметтік желілердегі жазбаларды бақылап отырады", - делінген жазбалардың бірінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети