Ту-154 апаты: Қара теңізде қаза болғандардың денесі табылып жатыр

Іздестіру операция. Мұрағаттағы сурет. © epa/vostock-photo

?ара те?ізде Ту-154 апатынан ?аза бол?андарды? денесі табылып жатыр. Б?л туралы РФ ?ор?аныс министрлігіні? генерал-майоры Игорь Конашенков м?лімдеді, - деп хабарлайды "Интерфакс". Агенттікті? дерекк?зі бірнеше адамны? м?йіті табыл?анын айтты.

Қара теңізде Ту-154 апатынан қаза болғандардың денесі табылып жатыр. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Игорь Конашенков мәлімдеді, - деп хабарлайды "Интерфакс". Агенттіктің дереккөзі бірнеше адамның мәйіті табылғанын айтты.

Конашенковтың айтуынша, мәйіт Сочидің жағалауынан алты шақырым жерде табылған.

Ал ТАСС агенттігінің дереккөзі апат орнында Первый канал тілшілерінің құжаттары мен бір адамның өлігі табылған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама