28 желтоқсан 2016 | 12:03

Ту-154 апаты: Ұшқыштардың соңғы сәттегі әңгімесі жарияланды

Дыбыс жазу құрылғысын тексеру

Мамандар Қара теңізге құлаған Ту-154 ұшағының бортында орналасқан дыбыс жазу құрылғысындағы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды L!FE тергеуге қатысы бар дереккөзге сілтеме жасап. Оның айтуынша, экипаж бен кабина ішіндегі дауыстар жазбасы бүлінбеген. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мамандар Қара теңізге құлаған Ту-154 ұшағының бортында орналасқан дыбыс жазу құрылғысындағы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды L!FE тергеуге қатысы бар дереккөзге сілтеме жасап. Оның айтуынша, экипаж бен кабина ішіндегі дауыстар жазбасы бүлінбеген. 

Мамандардың айтуынша, төтенше жағдай экипаж мүшелері үшін күтпеген жағдай болған - бірінші секундтарда екі ұшқыш та сасып қалған, алайда тез естерін жинаған олар ұшақты аман алып қалмақшы болған. 

Реклама
Реклама

Жазылған дыбыстарды талдауға шу кедергі болған. Мамандардың айтуынаш, экипаж мүшелерінің айтқан кейбір сөздері жеңіл оқылады, алайда кейбіреулер, яғни ең маңыздылары дабыл белгісінің дыбысынан естілмей қалуы мүмкін.

Жазба:

- ...Жылдамдық 300... (Түсініксіз.)

- (Түсініксіз.)

-Командир, тіреулерді алдым.

- (Түсініксіз.)

- Ух, е-мое!

(Қатты дыбыс шығады.)

- Жалғасқанатша, (...)!

- Биіктікті өлшеу құрылғысы!

- Бізге... (Түсініксіз.)

(Жерге жақындау қауіптілігін ескертетін дыбыс)

- (Түсініксіз.)

- Командир, біз құлап бара жатырмыз!

Дереккөз мәліметінше, екінші қара жәшік Орталық ғылыми зерттеу институтына жеткізілмеген және оның қашан тексерілетіні белгісіз.

Тәжірибелі ұшқыштардың айтуынша, егер жалғасқанатшада ақау болса, онда оны басқару мүмкін емес. 


Роман Волков - ұшқыштардың бірі

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. Осыған байланысты 26 желтоқсан - Ресейде жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная