Ту-154 апатынан қаза тапқандардың отбасына қанша өтемақы төленетіні белгілі болды

© РИА Новости

ТУ-154 апатынан ?аза тап?ан Александров атында?ы ансамбль м?шелеріні? отбасына бір миллион рубль к?лемінде ?тема?ы т?ленеді, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ?леуметтік са?тандыру ?орыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

ТУ-154 апатынан қаза тапқан Александров атындағы ансамбль мүшелерінің отбасына бір миллион рубль көлемінде өтемақы төленеді, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Әлеуметтік сақтандыру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Сақтандыру қоры қаза тапқан тоғыз журналист пен Елизавета Глинканың отбасына өтемақы төлейтінін айтқан болатын. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, барлық 64 адам сақтандырылған. Ертең олардың қайсының асырауда болғандары анықталады. Сондай-ақ, қаза тапқандардың отбасылармен кездесулер өтеді", - деді Әлеуметтік сақтандыру қорының баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Ресейдің Қорғаныс министрлігінің әуе апатынан қаза тапқандардың туыстарына 5,8 миллион рубльден төлейтіні хабарланған болатын. Бұл туралы ақпарат және коммуникация департаментінің өкілдері айтқан еді.

Ал Бүкілресейлік сақтандырушы одағының президенті Игорь Юргенс Ресейдің Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ту-154 ұшағының құлауына байланысты қаза тапқан әскерилердің отбасына 7,8 миллион рубльге дейін, ал қалған қаза тапқан адамдардың отбасына 3 миллион рубль төлейтінін мәлімдеген еді. 

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. Осыған байланысты 26 желтоқсан - Ресейде жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама