07 наурыз 2014 20:46

Турчинов референдум өткізу туралы жарғының күшін жойды

Украина президентінің міндетін атқарушы, Жоғарғы Рада төрағасы Александр Турчинов. ©REUTERS

Украина президентінің міндетін атқарушы, Жоғарғы Раданың төрағасы Александр Турчинов "2014 жылдың 6 наурызындағы N1702-6/14 Жоғарғы Кеңестің Қырымды автономды республика ретінде жариялауға арналған жалпықырымдық референдум өткізу туралы жарғысының күшін жою туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан". Бұл жарлық президент міндетін атқарушының сайтында жарияланды. Жуырда Турчинов өзінің халыққа телеарна арқылы жасаған үндеуінде Қырым Жоғарғы Кеңесінің Қырымды Ресейге қосу үшін референдум өткізу туралы шешімін тоқтатқанын, сондай-ақ, Украинаның Жоғарғы Радасы автономия парламентін таратып жіберуге әрекеттенетінін айтқан. Қырымның Жоғарғы Кеңесі наурыздың 6-і күнгі отырысында РФ құрамына кіру туралы шешім қабылдап, Ресей Президенті мен РФ Федеральды Жиынына республиканы Ресей Федерациясы құрамына кіргізу үшін қажетті іс-шараларды бастау жөнінде өтінішпен шыққан болатын. Одан бөлек, Жоғарғы Кеңес Кырымның құрылымдық мәртебесін анықтауға арналған референдумды өткізу күнін наурыздың 30-ынан наурыздың 16-на ауыстыру бойынша да шешім шығырып қойған еді. Сол күні Украинаның қауіпсіздік қызметі тергеу басқармасының басшысы Қырым парламентінің шешіміне байланысты Қылмыстық кодекстің 3-ші бабы, 110 тармағына сәйкес сот алдындағы тергеу амалдарын бастап жіберген. Ол бапта Украина жерінің бүтіндігі қорғалып, тұтастығы сақталатыны жазылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram