Түрік лирасы әлі де құлдырап жатыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрік лирасы әлі де құлдырап жатыр Сурет ©REUTERS

Түрік лирасы әлі де құлдырап жатыр, жұмада тағы 2,5 пайызға арзандады. Сауда деректері орталық банк межені төмендеткеннен кейін 1 долларға 16 лирадан келетінін көрсетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрік лирасы әлі де құлдырап жатыр, жұмада тағы 2,5 пайызға арзандады. Сауда деректері орталық банк межені төмендеткеннен кейін 1 долларға 16 лирадан келетінін көрсетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бейсенбіде Түркияның орталық банкі есеп мөлшерлемесін 15 пайыздан 14 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Түрік валютасы бір доллар үшін 16,12 лира болды, бұрын бір доллар үшін 15,66 лираға жеткен еді.

Қаңтарда бір доллар үшін 7,4 лира бағамына сатылған түрік валютасы бір жыл ішінде құнының жартысынан көбін жоғалтты. Кейінгі 20 жылда бір тәулік ішіндегі ең көп құлдырау дерегі 23 қарашада тіркелді, содан кейін лира 16 пайызға төмендеді.

Бұл жайт 18 қарашада Түркияның орталық банкі есеп мөлшерлемесін 16-дан 15 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдаған соң болды, содан кейін ел президенті Тайып Ердоған осы жағдай инфляцияның төмендеуіне әкелетінін мәлімдеп, меже төмендеуі дұрыс деп санаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети