Түрік лирасы күшейе бастады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрік лирасы күшейе бастады Сурет ©REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған валютаны нығайтуға бағытталған жаңа жоспар жариялағаннан кейін екі күнде түрік лирасы күрт өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған валютаны нығайтуға бағытталған жаңа жоспар жариялағаннан кейін екі күнде түрік лирасы күрт өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Сейсенбіде лира сауда-саттық бойынша 8,6 пайызға төмендеп, кейін дүйсенбідегі деңгей өзгеріп, 18,5 пайызға көтерілді.

Сейсенбіде Түркиядағы орталық банк лираға айырбастауды одан ары ынталандыру үшін шетел валютасындағы депозит шоттарын лираға айырбастауды қолдайтынын мәлімдеді. Осыдан кейін түрік лирасы 6 пайызға, бір доллар үшін 12,4 пайызға дейін көтерілді және осы қарқынын жалғастырып жатыр.

Ердоғанның айтуынша, Анкарадағы үкімет ұлттық валюта бағамының төмендеуі банктер уәде еткен пайыздық мөлшерлемеден асып кетсе, салымшыларының шығындарын өтейді. Президент кеңесшісі Джемиль Эртем Reuters агенттігіне бұл қадамдар жеке инвесторлардың долларға деген сұранысын төмендететінін, бұл Түркия экономикасы үшін "өте маңызды парадигма ауысуы" екенін айтты.

Орталық банк мәліметі бойынша, жергілікті тұрғындар  жинақтарының жартысынан көбі шетел валютасы мен алтын түрінде сақталған. Бұл ұзақ жыл бойы лира құнсыздануынан туындаған сенімсіздіктен болған. Лира жылына шамамен 60 пайызға төмендеді.

"Алдын ала есептеулеріміз лираның пайыздық мөлшерлемесімен салыстырғанда, тағы да төмендеуі алты ай ішінде бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің шамамен 1 пайызына арттыруы мүмкін екенін көрсетеді", - деді JPMorgan сарапшылары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети