Түрік лирасы нығая бастады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрік лирасы нығая бастады Фото: ©REUTERS

Түркияның мемлекеттік банктері осы аптада долларды қарқынды түрде сатып, лира бағамын жоғарылатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның мемлекеттік банктері осы аптада долларды қарқынды түрде сатып, лира бағамын жоғарылатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік дереккөздері мәліметінше, сатылым валюта қорының құлдырауына сәйкес келді. Ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған валюта дағдарысын тоқтатуға арналған депозиттерді қорғау схемасын жариялағаннан кейін тек дүйсенбі мен сейсенбіде шамамен 6 миллиард долларға қысқарған.

©REUTERS

Екінші дереккөз, банктердің бірінің аға кеңесшісі мемлекеттік банктің дүйсенбі мен сейсенбідегі интервенциясы 3 миллиард доллар болғанын айтты.

Reuters агенттігі мәліметінше, Түркияның Қаржы министрлігі де лираны сақтап қалудың тәуекелді жоспарын әзірлеп жатыр. Үкімет лираны сақтауға шақыратынын мәлімдеді. Дегенмен, сарапшылар егер лира бәсекесі тоқтап, керісінше болса, бұл схема инфляцияны одан ары өршітіп, мемлекеттік қарызды көбейтіп, валюта қоры бітуі мүмкін деп ескертеді.

©REUTERS

Ердоған Қазынашылық пен орталық банк кейбір ұлттық валютадағы депозиттерің құнсыздануына кепілдік беретін схеманы жариялағаннан кейін лираның құны осы аптада 50 пайыздан аса көтеріліп, рекорд төмен деңгейге жеткенін айтты. Бұған төтеп беру үшін орталық банк осы айда бес тікелей нарықтық интервенция жариялады. Банкирлердің айтуынша, олардың жалпы сомасы 6 миллиардтан 10 миллиард долларға дейін.

©REUTERS

Ресми деректер банктің таза валюталық қоры өткен аптада бір апта бұрынғы 21 миллиард доллардан 12 миллиард долларға дейін төмендегенін көрсетеді.

Түрік банктер қауымдастығын басқаратын, Ziraat Bank бас директоры Алпаслан Чакар Ердоғанның мәлімдемесінен кейін долларды нарықта сатуға бағытталған жалпы қысымның шамамен 1 миллиард доллар болғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети