Түрік лирасы тағы антирекорд жаңартты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрік лирасы тағы антирекорд жаңартты Фото ©REUTERS

Түрік валютасы тағы антирекорд жаңартып, бір доллар үшін 14 лира шегіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрік валютасы тағы антирекорд жаңартып, бір доллар үшін 14 лира шегіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дүйсенбіде валюта саудасы бір доллар үшін 13,87 лирадан басталып, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.40-та доллар бағамы ең төменгі деңгей - 14,1 лираға жетті.

S&P Global Ratings (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі Түркияның шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтинг болжамын "B+" деңгейінен теріс мәнге өзгертті.

"Жағымсыз болжам алдағы 12 айда ұлттық валюта бағамының шектен тыс құбылуына және экономикалық саясаттың аралас сигналдарымен инфляцияның өсуіне байланысты сыртқы қарыз қаражатын пайдалануға байланысты түрік экономикасы үшін тәуекелдердің жоғарылағанын көрсетеді", - деп түсіндірді агенттік өкілдері. 

Жыл басында бір доллар үшін 7,4 лира бағамына саудаланған түрік валютасы бір жылда шамамен 50 пайызға арзандады. Соңғы 20 жылдағы ең жоғары тәуліктік құлдырау 23 қарашада тіркелді, лира сол күні 16 пайызға төмендеді. Бұл Түркияның орталық банк 18 қарашада есептік мөлшерлемені 16 пайыздан 15-ке дейін төмендету туралы шешім қабылдағаннан кейін басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети