Түрік сейсмологы өшпенділік тудырды деген күдікпен ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрік сейсмологы өшпенділік тудырды деген күдікпен ұсталды Фото: tgrthaber.com.tr

Полиция Стамбул техникалық университетінің геофизика профессоры, жер сілкінісі бойынша маман Овгюн Ахмет Эрдженды "қоғамда өшпенділік пен араздық тудырды" деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TGRT телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Стамбул техникалық университетінің геофизика профессоры, жер сілкінісі бойынша маман Овгюн Ахмет Эрдженды "қоғамда өшпенділік пен араздық тудырды" деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TGRT телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Эрджен Twitter-де шындыққа жанаспайтын хабарламалар жариялаған. Мысалы, бір жазбасында профессор жер сілкінісінен қираған Кахраманмарашта сарбаздардың кеш келуіне байланысты әйелдер зорланғанын жазды - екі күн өткен соң.

Сондай-ақ, Ахмет Эрджен Мальтада жер сілкінісінен кейін мыңға жуық бала жоғалып кеткені туралы хабарлама жариялады және оларды мафия органдары үшін немесе балалар порнографиясы үшін ұрлап әкеткен болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Сейсмолог әлеуметтік желідегі соңғы жазбасында туыстарынан айырылған жас қыздарды имамдар күштеп күйеуге шығарып, белгісіз біреулер алып кеткенін жазған.

28 ақпанда Овгюн Ахмет Эрджен Бас прокуратураның нұсқауымен Элязыгте ұсталды. Тергеу аяқталған соң күдікті сот алдына барады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети