Түркия премьері Ресейдің салған санкцияларын сынап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия премьері Ресейдің салған санкцияларын сынап тастады

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Ресейдің Анкараға қатысты салған экономикалық санкцияларын сынап тастады, - деп хабарлайды Bloomberg.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Ресейдің Анкараға қатысты салған экономикалық санкцияларын сынап тастады, - деп хабарлайды Bloomberg.

"Түркияның ғана экономикалық мүддесі бар емес, Ресей де Түркиямен экономикалық тұрғыда байланысуға мүдделі", - деп мәлімдеді Давутоглу. 

Сонымен қатар, Түркия премьер-министрі Анкараның басты мақсатының Мәскеумен ашық байланыс орнату болғанын, сонымен бірге Сириядағы әрекеттерді ақылдасу болғанын атап өтті. Оның айтуынша, Су-24 ұшағының апаты екі бөлек коалицияның бір әуе кеңістігінде операция өткізуінің әрқашан осындай жағдайға әкеп соғатынының айқын дәлелі.  

Еске салайық, Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы сириялық-түрік шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған. Ұшқыштардың бірі тірі қалды. РФ Әуе күштері Бас штабы шабуылға ұшыраған Су-24 бомбалаушысының Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді және бұл мәліметтің сириялық әуе қорғанысының мәліметтерімен расталатынын алға тартты. Ал Түркия ұшақтың шекараны бұзғанын айтып отыр.

Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин Түркия әскери әуе күштерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі жайлы оқиғаны лаңкестерге дем берушілердің Ресейге қапыда жасаған соққысы деп бағалады. "Ресейлік ұшақпен болған қайғылы оқиғаның салдары Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасына айтарлықтай сызат түсіреді", - деп мәлімдеді Путин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети