Түркияда екі күннің ішінде содыр делінген 600 адам ұсталды

Түркияның құқық қорғау органдары екі күндік рейд барысында содыр делінген 590 адамды ұстады, - деп хабарлайды AFP.

Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоғлу ұсталғандардың Күрдістандағы тыйым салынған Жұмыс партиясының, ДАИШ пен басқа да ұйымдардың мүшелері екенін мәлімдеді.

Давутоғлудың айтуынша, түрік әскерлері Сириядағы ДАИШ пен Ирактың солтүстігіндегі күрт содырларына авиасоққы жасауды бастады. "Біздің табандылығымызға ешкім күмән тудырмасын. Біз Түркияны заңсыздық елі етуге жол бермейміз", - деді ол.

Реклама
Реклама

23 шілдеде Анкарада ұлттық қауіпсіздік жөнінде жиын өтті. Отырыс Суруч қаласындағы оқиға, үш полицейдің өлтірілуі және Сириямен шекарада түрік әскерлерінің ДАИШ мүшелерімен соқтығысуының көбеюінен кейін елдегі жағдайдың шиеленісуіне орай өтті. Соңғы мәлімет бойынша, Суручта қаза тапқандардың саны 32-ге жетті, 100-ден астам адам жарақат алды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама