20 шілде 2015 18:17

Түркиядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 27-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 27-ге жетті, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы елдің ІІМ-нің ресми хабарламасында айтылды. Еске сала кетейік, елдің Сириямен шекаралас маңындағы Суруч қаласындағы жарылыс Астана уақыты бойынша сағат 15.00-шамасында болған еді. Соңғы ақпарат бойынша, жарақат алғандар 100 адамға жетті.

Қаладағы мәдениет орталығының маңында орналасқан дәмханада жанкешті өзін жарып жіберген. Жарылыстың соңы өртке ұласты. "Алдын ала мәлімет бойынша, 27 адам қаза тапты. Олрадың саны өсе ме деп қауіптеніп отырмыз. Жергілікті емханада 100-ге жуық адам дәрігерлердің қарауында қалып отыр. Қалада қосымша қауіпсіздік күштері жұмылдырылды", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Оқиға орнына елдің вице-премьері Нуман Куртулмуш, ішкі істер министрі Себахаттин Озтюрк және еңбек және қоғамдық қауіпсіздік министрі Фарук Челик келді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети