Түркияда Фетхуллах Гүленнің інісі тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда Фетхуллах Гүленнің інісі тұтқындалды Фетхуллах Гүлен © Reuters

Түркияның батысындағы Измир қаласында төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған оппозициялық дін уағызшысы Фетхуллах Гүленнің інісі ұсталды, - деп хабарлайды Аnadolu.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның батысындағы Измир қаласында төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған оппозициялық дін уағызшысы Фетхуллах Гүленнің інісі ұсталды, - деп хабарлайды Аnadolu.

Кутбеттин Гүлен ағасы басқарған ұйым қызметіне атсалысқан деген айыппен іздеуде жүрген болатын. Газиемир ауданында жасырынып жатқан күдіктіні ұстау операциясын измирлік полицияның Террормен күрес департаментінің қызметкерлері жүргізді. 

Еске салайық, 16 шілдеде Түркияда бір топ көтерілісші төңкеріс жасамақ болды. Қақтығыстар негізінен Анкара мен Ыстамбұлда өткен. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қақтығыстар нәтижесінде көтерілісшілерді есептемегенде 246 адам көз жұмып, екі мыңнан аса адам жарақат алған. Түркия билігі бұл жайтқа Фетхуллах Гүленді айыптап, АҚШ билігінен оны экстардициялауды талап етті. Гүленнің өзі бұл бас көтеруді айыптап, оған қатысы жоғын мәлімдеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети