Түркияда мемтөңкеріс ұйымдастыру әрекетінен кейін екі мың полицей жұмыстан босатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда мемтөңкеріс ұйымдастыру әрекетінен кейін екі мың полицей жұмыстан босатылады © Reuters

Түркия билігі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін екі жарлық шығарды. Онда екі мыңнан аса полицей мен жүз шақты әскери адам және ақпараттық және коммуникациялық технологиялар басшыларын жұмыстан шығарылуы тиіс екендігі жазылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия билігі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін екі жарлық шығарды. Онда екі мыңнан аса полицей мен жүз шақты әскери адам және ақпараттық және коммуникациялық технологиялар басшыларын жұмыстан шығарылуы тиіс екендігі жазылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл жарлықтар Official Gazette үкіметтік басылымында жарияланған. Сонымен қатар, онда байланыс және телекоммуникация басқармасының жойылатыны және президент Режеп Тайип Ердоғанның ел қарулы күштерінің қолбасшысы болып сайланғаны хабарланған.

Еске сала кетейік, 16 шілде түнгі уақытта елде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті жасалды. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.16 шілде таңертең көтерілістің басылғандығы жарияланды. Түрия СІМ-нің соңғы мәліметі бойынша көтеріліс кезінде көтерілісшілерді санамағанда 246 түрік азаматы қаза тауып, екі мыңнан аса адам зардап шеккен.4 тамызда Ыстамбұл сотының АҚШ-та тұратын уағызшыны ұстау туралы санкция шығарған болатын. Анкара оны астыртын сөз байласты деп айыптап, дереу Түркияға экстрадициялануы керек деп мәлімдеді. Гүленнің өзі болса бүлікке қатысы жоқ екенін айтып, оны керісінше сөгіп отыр. Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін бес генерал мен 29 полковник қызметтен кетті. Түркия үкіметі үша ақпараттық агенттікті, 16 телеарнаны, 23 радиостанцияны, 45 газеттің жұмыстарын тоқтатқан. 17 журналист Гүленмен байланысы бар деп қамауға алынған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети