Түркияда саяхатшылар мінген әуе шары апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда саяхатшылар мінген әуе шары апатқа ұшырады © hurriyet.com.tr

Түркияның Невшехир қаласынан алыс емес жерде саяхатшылар мінген әуе шары апатқа ұшырады. Бұл туралы жексенбіде, 9 сәуірде Hurriyet порталы хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның Невшехир қаласынан алыс емес жерде саяхатшылар мінген әуе шары апатқа ұшырады. Бұл туралы жексенбіде, 9 сәуірде Hurriyet порталы хабарлады. 

Түркиялық басылым мәліметінше, аэростат қатты желдің салдарынан жоғарғы вольтті сымдарға соғысып, апатқа ұшыраған. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 20-дан аса адам жарақат алған. Оқиға орнында қаза тапқан саяхатшы Франция азаматы екені анықталды. Зардап шеккендер жақын жерлердегі ауруханаларға жеткізілген. Олардың дене мүшелері жарақаттанған және сынған. Әуе шарында болған басқа саяхатшылар туралы (қай елдің азаматтары екендігінен) мәлімет жоқ. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети