Түркиядағы көмір шахтасында опат болған кеншілердің саны 200-ден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы көмір шахтасында опат болған кеншілердің саны 200-ден асты ©shakhty.su

Түркиядағы көмір шахтасында болған апаттың салдарынан 200-ден астам кенші қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдің ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы көмір шахтасында болған апаттың салдарынан 200-ден астам кенші қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдің ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Соңғы ақпарат бойынша шахтада ажал құшқан кеншілердің саны 201 адамға жетті. Бұдан бөлек, жүздеген адам үйінділердің астында қалды. Бұл туралы Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз мәлімдеді.  

Кеше құрбандардың санына қатысты сан алуан мәліметтер болды. Т.Йылдыздың сөзіне қарағанда, апат кезінде жердің астында 787 кенші болған. Көмір шахтасы Стамбулдан 250 шақырым шалғай жерде Сома атты елді мекенде орналасқан. Кеншілер екі шақырым тереңдікте жұмыс істеді. Қазіргі ақпаратқа сәйкес, апат электр сымдардың тұйықталуынан болған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети