Түркияның бас прокуратурасы Гүленді 1900 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның бас прокуратурасы Гүленді 1900 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті Фетхуллах Гүлен © Chris Post / AP

Түркияның бас прокуратурасы оппозициялық уағызшы Фетхуллах Гүленді 1900 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Бұл туралы Anadolu мемлекеттік ақпарат агенттігі бүгін, 16 тамызда хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның бас прокуратурасы оппозициялық уағызшы Фетхуллах Гүленді 1900 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Бұл туралы Anadolu мемлекеттік ақпарат агенттігі бүгін, 16 тамызда хабарлады.

Сонымен қатар, прокуратура Гүленді екі мәрте өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. 2527 беттік айыптау қорытындысы елдің Жоғарғы қылмыстық сотына берілді. Гүлен мемлекеттік құрылымды күштеп құлатқысы келді, қарулы террористік топ құрды және оған басшылық етті деген айып тағылып отыр. 

Ал Lenta.ru басылымы Дүниежүзілік банктің мәліметіне сүйене отырып, түріктердің орташа өмір сүру уақытының 75 жылға созылатынын жазады. "Гүлен 2016 жылы 75 жылдық мерейтойын атап өткенін есепке алатын болсақ, ол 1900 жылдан кейін бостандыққа шыға алмайды, ал бұл мерзім де-факто өмір бойына бас бостандығынан шектеумен теңеседі", - деп жазады ресейлік басылым.

Айта кетейік, 4 тамызда Ыстамбұл сотының АҚШ-та тұратын уағызшыны ұстау туралы санкция шығарған болатын. Анкара оны астыртын сөз байласты деп айыптап, дереу Түркияға экстрадициялануы керек деп мәлімдеді. Гүленнің өзі болса бүлікке қатысы жоқ екенін айтып, оны керісінше сөгіп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети