Turkish Airlines ұшағы бомба туралы хабарламадан кейін шұғыл қонды

30 Наурыз 2015, 19:05
0
Turkish Airlines ұшағы бомба туралы хабарламадан кейін шұғыл қонды - ©REUTERS
©REUTERS

Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағы бомба туралы хабарламадан кейін Касабланкада шұғыл қонды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымда Turkish Airlines әуе компаниясының Стамбұлдан Сан-Паулуға рейс жасамақшы болған ұшағының бортта жарылғыш зат қойылды делінген хабарламадан кейін Марокконың Касабланка қаласындағы әуежайға шұғыл қонғаны жазылған. 

Ұшақ бортында бомба қойылғаны туралы жазылған қағаз табылды. Әуе кемесінің командирі ең жақын әуежайға шұғыл қону туралы шешім қабылдады. Экипаж мүшелері мен жолаушылар ұшақтан эвакуацияланып жатыр, бұдан кейін Марокко билігі әуе кемесін тексеруге кіріседі.

Таяуда осы әуе компаниясының Стамбұлдан Токиоға ұшып бара жатқан ұшағы Ататүрк атындағы әуежайдан ұшқаннан кейін дереу шұғыл қонған болатын. Ұшақ дәретханасында жарылғыш заттың болуы мүмкін делінген хабарлама табылды. Бірақ тексерістен кейін ұшақ бортында бомбаның жоқ екені анықталды.

Осыған дейін Қостанай - Анталия бағытындағы жолаушылар ұшағының  Қазақстанда оқыс қонғаны хабарланған болатын. Чартерлік рейс Қостанайдан Анталияға 19 маусым күні сағат 04.57-де ұшуы тиіс болған. Ұшу бірнеше рет кейінге қалдырылып, ұшақ 20 маусым күні сағат 05.00-де әуеге көтерілді. Бірақ арада 15 минут өтпей жатып, жолаушылар ұшағы жерге оқыс қонған. Бортта 127 жолаушы болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай