26 қараша 2015 09:43

Түркия ақпарат құралдары Су-24 ұшағына жасалған ескертудің аудиожазбасын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1news.az © 1news.az

Түркиялық ақпарат құралдары ресейлік Су-24 ұшағына жасалған ескертудің аудиожазбасын жариялады, - деп хабарлайды "The First News" ақпараттық агенттігі Haberler.com сайтына сілтеме жасап.


Түркиялық ақпарат құралдары ресейлік Су-24 ұшағына жасалған ескертудің аудиожазбасын жариялады, - деп хабарлайды "The First News" ақпараттық агенттігі Haberler.com сайтына сілтеме жасап.

Аудиожазбада F-16 жойғышының ұшқышы ағылшын тілінде ескерту жасағаны жазылған: "Сіздер Түркия әуе кеңістігіне жақындап келе жатсыздар. Бағыттарыңызды дереу оңтүстікке өзгертіңіздер".

Бұған дейін Түркияның Бас штабы ресейлік бомбалаушының жойылғанға дейін түркиялық тараптан 10 рет ескерту алғанын хабарлаған еді. Су-24 ұшағы Түркия шекарасының әуе кеңістігін бұзуға 15 миль (24,1 шақырым) қалғанда алғашқы ескертуді алған. Басылымның мәліметінше, ескерту әр 2 миль (3,2 шақырым) сайын жасалыпты, дегенмен ұшқыштар оны елемеген.

Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірген болатын. Кейін оның ресейлік Су-24 екені анықталды. Ұшқыштардың бірінің қаза тапқаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети