Түркия Анкарадағы терактіден кейін Сирия мен Ирактағы күрдтер нысанына соққы жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия Анкарадағы терактіден кейін Сирия мен Ирактағы күрдтер нысанына соққы жасады Фото: depositphotos.com /EvrenKalinbacak

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Сирия мен Ирактың солтүстігінде әуе операциясын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Сирия мен Ирактың солтүстігінде әуе операциясын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы CNN Türk тиісті ведомство мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"2024 жылдың 23 қазанында Ирак пен Сирияның солтүстігінде террористік мақсаттарға қарсы әуе операциясы жүргізілді... 32 нысан жойылды", - делінген құжат мәтінінде.

Мәлімдемеде әуе күштерінің бұл әрекеттері Күрдістанның жұмысшы партиясының топтарын (Түркияда тыйым салынған) және басқа элементтерді бейтараптандыруға, азаматтар мен қауіпсіздік күштеріне террористік актілердің алдын алуға және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғаны айтылған.

Әуе шабуылдары кезінде көптеген түрік қаруы қолданылғаны, бұл нысандарды жойғаны көрсетілген.

"Бұл операцияларды жүргізу кезінде бейбіт тұрғындарға, достық күштерге, тарихи және мәдени құндылықтар мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін барлық шара қабылданды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, шабуыл сәрсенбіде Түрік аэроғарыштық компаниясы - Анкарадағы TUSAŞ зауытының аумағында болған. Түрік бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, алдымен куәгерлер кәсіпорын қақпасындағы жарылысты естіген, содан кейін атыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети