Түркия билігі Ыстамбұлдағы терактіні Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан тумалары жасаған деп есептейді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Түркия билігі Ыстамбұлдағы терактіні Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан тумалары жасаған деп есептейді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Алайда Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарып отыр. Сыртқы саяси ведомствоның өкілдері Қырғызсттанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығының өкілдерінің "Ыстамбұлда жарылыс жасаған өлімші лаңкестердің бірі Қырғызстанның тумасы болған деген мәлімет пайда болғаннан кейін Ыстамбұлдың терроризммен күрес жөніндегі басқарма өкілдерімен кездескенін хабарлады".
Еске салайық, Түркия полицейлері тексеріс барысында 28 маусымда Ыстамбұл әуежайында болған терактіге қатысы бар делінген тоғыз адамды ұстаған еді. Ыстамбұл мен Измирдегі және оның айналасындағы аумақтарда жүздеген полицейдің қатысуымен тексеріс жұмыстары жүріп жатқаны хабарланды. Тінту жұмыстары кезінде қарулар мен электронды ақпарат тасымалдау құрылғылары табылған. Ұсталғандар "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының мүшелеріне көмек көрсетіп, тыйым салынған ұйымға жаңа мүшелерді тартуға логистикалық және материалдық көмек көрсеткен деген күдікке ілініп отыр.
28 маусымда кешкі уақытта Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайының халықаралық терминалында үш бірдей жарылыс болған еді. Үш өлімші лаңкес әуежайдағы адамдарды автоматпен атып, кейін жарылғыш затты іске қосқан. Ал теракт орнында тергеушілер қосылмай қалған тағы екі гранатаның болғанын анықтады. Олардың бірі өлімші лаңкестің сөмкесінен табылды. Түркия билігі әуежайға шабуыл жасаған "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) деп есептейді. Сонымен қатар, Ыстамбұл әуежайында болған жарылыстан 42 адам қаза тауып, 200-ден аса адамның ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын.