Түркия доллардан бас тартуға бел буды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Түркия Қытай, Ресей, Иран және Украина сияқты ірі сауда серіктестерімен ұлттық валютада есеп айырысуға дайындалып жатыр. Бұл туралы ел басшысы Тайип Ердоған түркия-америкалық қарым-қатынасындағы дағдарыс аясында мәлімдеді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркия Қытай, Ресей, Иран және Украина сияқты ірі сауда серіктестерімен ұлттық валютада есеп айырысуға дайындалып жатыр. Бұл туралы ел басшысы Тайип Ердоған түркия-америкалық қарым-қатынасындағы дағдарыс аясында мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Түркиядан келетін алюминий мен болатқа баж салығын екі есе көтеру туралы шешім шығарылғанын мәлімдеген, санкция бойынша алюминийге 20 пайыз, ал болатқа 50 пайыз, бұл өз кезегінде түрік лирасының тарихи минимумына дейін әлсіреуіне әкеп соқты. Лира долларына 6,62 деңгейіне жетіп, бір тәуліктің ішінде 20 пайызға құнын жоғалтқан. 

АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасы соңғы кезде ушығып отыр, оған ел билігінің америкалық пастор Эндрю Брансонды 2016 жылы ұстағаны отқа май құйғандай болды. Өткен аптада АҚШ Қаржы министрлігі "адам құқығын өрескел бұзды" деген айыппен Түркия Әділет министрі Абдулхамит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлейман Сойлуға қатысты санкция шығарған еді. 

"Біз Түркия Қытай, Ресей, Иран және Украина сияқты ірі сауда серіктестерімізбен ұлттық валютада есеп айырысуға дайындалып жатырмыз. Еуропа елдері доллардан бас тартқысы келсе, Анкара олармен де осындай есеп айырысуға өтуге дайын", - деді Риза қаласында сөз сөйлеген Ердоған. Онң сөзін Anadolu агенттігі келтіріп отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro