Түркия ЕО-ға 47 мың босқынды өткізіп жіберді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Түркияның ІІМ басшысы Сулеймен Сойлу түрік лидері Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдемесінен кейін 47 113 босқын ЕО шекараларынан өткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркияның ІІМ басшысы Сулеймен Сойлу түрік лидері Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдемесінен кейін 47 113 босқын ЕО шекараларынан өткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"23:50-дегі (сенбі - түсіндірме) жағдай бойынша Түркияның солтүстік батысындағы провинция, Грекия мен Болгариямен шекаралас Эдирне арқылы біздің елден кеткен босқындары саны 47 113 болды", - деп жазды Сойлу Twitter желісінде. 

Осы тұрғыда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, НАТО тарапынан Сирияның Идлибтегі Анкараның әрекетін ашық қолдауға шақырған. 

"Телефон арқылы сөйлесу кезінде сириялық дағдарыс, босқындар мәселесі, Түркия мен Франция қарым-қатынасы және өңірлік мәселелер талқыланды. Ердоған Ердоған сириялық режимнің ауыр соққысы Идлибтегі Түркия әскеріне қатты тигенін айтты. Ол НАТО-ның осы мәселеде сабырлық мәмілеге келуін және нақты іске көшу керектігін айқындауды сұрады", - делінген хабарламада.

"Егер сириялық режимнің шабуылы тоқтатылмаса, гуманитарлық дағдарыс тереңдетіледі деп мәлімдеген біздің президент Сириядан Түркияға босқындардың қысымы біздің Еуропамен шекараларымызға табиғи түрде әсер ете бастайтынын атап өтті. Ол ЕО елдері босқындарға қатысты өз міндеттемелерін сақтауға және Түркияға жауапкершілікті әділ бөлуге қолдау көрсетуге тиіс екенін атап өтті", - деді Эрдоған әкімшілігі.

Түркия бүкіл аймақтың ортақ мәселесі болып табылатын сириялық босқындарға Франция мен Еуропа тарапынан қолдау көрсету жөнінде нақты ұсыныстар күтеді.

Ердоғанның кеңесшісі Түркияның Ресеймен соғысуға дайын екенін мәлімдеді

ЕО-ға мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары 2016 жылдың наурыз айының ортасында Түркияға көші-қон дағдарысымен күрес жөніндегі бірлескен жоспарды бекітті. Атап айтқанда, Анкараға босқындарды қабылдауға қаржылық көмек көрсету, Түрік аумағынан Грекияға келген барлық заңсыз босқындарды Түркияға қайтару және Еуроодақтың Түркиядан келген заңды сириялық мигранттарды "біреу үшін бір" принципі бойынша қабылдауы көзделген.

Ердоғанның кеңесшісі Сирияның Идлиб елді мекенінде 27 ақпанда сириялық әскери әуе күштерінің шабуылы кезінде 33 түрік әскериінің қазасына осылайша пікір білдірген.

28 ақпанға қараған түні Түркия әскері сириялықтардың Идлибтегі позицияларына қайтара шабуыл жасаған. Сирия әскерилері "Бук" және "Панцирь" кешендерін, 23 танкті, сонша құрлықтық және өздігінен жүретін құралдарды, сондай-ақ бес тікұшағынан айырылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі өкілдері өз кезегінде түрік әскеріне жасалған шабуылдың себебі деп олардың Сирия әскері позициясына келген содырлардың арасында қалып қойғанын және өз координаттарын бермегенін атаған. Түркия болса Ресеймен іс-қимылды үйлестіру бойынша келісімге қарамастан, позициялар бойынша соққылар жасалғанын мәлімдеген.

Идлибтегі жағдайдың шиеленісуі аясында Владимир Путин Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерімен жедел кеңес өткізген. Отырысқа қатысушылар жағдайдың күрт ушығуына аса алаңдап, соңғы күндердің риторикасына қарамастан, Түркиямен келіссөздердің жалғасуын қолдайтынын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro