Түркияның Ішкі істер министрлігі 130 адамды, соның ішінде оппозициялық исламшыл уағызшы Фетхуллах Гүлен мен күрдтерді қолдайтын Халықтық демократиялық партияның екі депутатын азаматтықтан айырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Шетелде жүрген және Түркияның ҚК-сі бойынша өздеріне қатысты тергеу жүріп жатқан бұл тізімдегі азаматтар осы шешім жарияланғаннан кейін үш ай ішінде Түркияға келіп, ресми органдарға хабарласпаса, азаматтықтан айырылады", - делінген Resmi gazete басылымында дүйсенбіде жарияланған хабарламада.
Бұл тізімде Гүлен және ХДП депутаттары Файзала Сарыйылдыз және Тугба Хезер бар.
Түркия билігі Гүленді былтыр елде болған әскери төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп айыптап, АҚШ-тан оны беруді талап етіп отыр.