Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне келісті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне келісті ©REUTERS

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішіне қойған ветосын алып тастады, - деп хабарлайды REUTERS.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішіне қойған ветосын алып тастады, - деп хабарлайды REUTERS.

Агенттік мәліметінше, Мадридтегі НАТО саммиті басталмас бұрын төрт сағатқа созылған келіссөзден кейін елдер бір-бірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша ортақ шешімге келген.

Хельсинки мен Стокгольм енді альянсқа қосылуға өтініш бере алады, бұл "соңғы жылдардағы еуропалық қауіпсіздіктегі ең үлкен өзгеріс" болуы керек, деп жазады агенттік.

"Сыртқы істер министрлеріміз Түркияның Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін қолдайтынын растайтын үш жақты меморандумға қол қойды. Бұл үдерістегі нақты қадамдарды НАТО одақтастары алдағы екі күнде келіседі", - деді Финляндия президенті Ниинисте.

Ведомство мәліметінше, келісімді ратификациялау процесі бір жылға дейін созылуы мүмкін.

Еске салайық, Түркия Швеция мен Финляндияны Анкара террористік аймақ деп санайтын күрд қарулы күштерін қолдады деп айыптайды. Сонымен қатар, бұл елдер 2019 жылы Сириядағы күрдтерге қарсы әскери операция басталғаннан кейін Түркияға қорғаныс өнімдерін жеткізуге санкциялар салған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети