Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын мақұлдады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын мақұлдады

Түркия шұғыл қолдануға арналған инактивті Turkovac вакцинасын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия шұғыл қолдануға арналған инактивті Turkovac вакцинасын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Фахреддин Коджу елде шығарылған вакцина халыққа келесі аптадан бастап салынатынын мәлімдеді. Ол Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарған тоғызыншы ел болғанын айтты.  

Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған бұл вакцинаны барлық елмен бөлісетінін мәлімдеді.

Turkovac вакцинасын Эрджияс университетінің ғалымдары Түркия Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Түркияның денсаулық сақтау басқармасымен (TÜSEB) бірлесіп жасаған. Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңі аяқталуға жақын.

Бұған дейін Түркия өз жобасы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинасының бірінші және екінші фазасын сәтті сынақтан өткізген болатын. Үшінші кезең сәтті аяқталса, вакцинаны жаппай өндіріске және пайдалануға енгізу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети