Түркия курорттарында коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді

Түркия курорттарында коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді Фото: pixabay.com

Түркиядағы курорттарда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Соңғы уақытта алғаш рет ауру жұқтырғандардың күрт көбейгенін көріп отырмыз", - деді  Коджа.

Шенеуніктің айтуынша, Түркия жағдайдың соңы қауіпті болмауы үшін қолдан келгенін жасау керек.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қазақстан Түркияға әуе рейстерін 10 тамыздан бастап ашуды жоспарлағаны хабарланды.

"Бәрі елдегі және серіктес-елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бірақ Түркияға рейстерді 10 тамыздан бастап ашу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков ОКҚ онлайн-брифингінде.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама