"Түркия Қырымның заңсыз аннексиясын ешқашан мойындамайды" - Ердоған

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Түркия Қырымның заңсыз аннексиясын ешқашан мойындамайды" - Ердоған © Reuters

Түркия Қырымның заңсыз аннексиясын ешқашан мойындамайды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен Ыстамбұлдағы келіссөздер қорытындысы негізінде мәлімдеді, - деп хабарлайды "Анадолу".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия Қырымның заңсыз аннексиясын ешқашан мойындамайды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен Ыстамбұлдағы келіссөздер қорытындысы негізінде мәлімдеді, - деп хабарлайды "Анадолу".

"Түркия Украина аумағының тұтастығын, соның ішінде Қырымды, сондай-ақ елдің саяси бірлігін қолдауды жалғастыра береді", - деді Түркия басшысы.

Ол Түркияның Украинаны аймақтағы тұрақтылықты, бейбітшілікті, қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз ету тұрғысынан негізгі ел деп санайтынын атап өтті.

Анкара Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын халықаралық деңгейде танылған шекараларда сөзсіз қолдайтынын растады, деп жазылған басылымда.

Тараптар "Қырымды және Севастополь қаласын деокупациялауға, сондай-ақ Украинаның Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарын бақылауды қалпына келтіруге күш салуды жалғастыруға" келісім жасады.

Түркия сонымен қатар Украинаның НАТО-ға мүшелігін қолдады.

© Reuters

Өз кезегінде Ресей Мемлекеттік думасының халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Алексей Чепа Ердоғанның Украина, оның ішінде Қырымның аумақтық тұтастығын қолдау туралы мәлімдемесі оның Ресей серіктесі ретіндегі "сенімділігін" көрсететінін айтты.

"Ердоғанның бұл ұстанымы бізбен қарым-қатынаста салмағын көтеру үшін қажет. Бұл бізге ешқандай қауіп төндірмейді. Дәл осы ұстаным Ердоғанды біз үшін сенімді немесе сенімсіз серіктес ретінде сипаттайды. Біз оның кім екенін түсінеміз", - деді Чепа РИА Новостиге.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети