Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңға жуықтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңға жуықтады © РИА Новости

Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 50 мыңға жақындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 50 мыңға жақындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews сайтына сілтеме жасап.

Елдің солтүстік-батысында орналасқан Сирияның кейбір қалалары қирандыға айналды. Дроннан түсірілген видео Джандарисе пен Африндегі қирандыны көрсетеді. Онда жер сілкінісі 1250-ден аса ғимаратты қиратты.

Сирияда барлығы 8,5 мың адам, Түркияда соңғы мәліметтер бойынша 40 642 адам қаза тапты.

Түркия билігі нормаларға сәйкес салынбаған қираған ғимараттарды тергеу аясында мердігерлер мен заңбұзушылықтарға қатысы бар басқа адамдарды ұстауды жалғастырып жатыр.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында болған бірқатар жер сілкінісі ең ірі табиғи апат болды. Сейсмологтар үш мыңнан аса жер асты дүмпулерін санады, олардың ең күштісінің магнитудасы 7,8-ге жетті. Бір ғана Түркияның өзінде 80 мыңнан аса ғимарат қирап, ондаған провинцияның жүздеген мың тұрғыны баспанасыз қалып, босқынға айналды.

БҰҰ мәліметінше, апаттан бес миллионнан аса адам зардап шекті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети