Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты

Түркия мен Сирияның солтүстік-батысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Al Jazeera басылымына сілтеме жасап.

Түркияда жексенбіде қаза тапқандар саны 29 605-ке жетті, ал Сирияда 4 500-ден астам адам қайтыс болды.

Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жер сілкінісінен 150 сағат өткен соң Хатай провинциясында қираған ғимараттар арасынан бала құтқарылғанын айтты.

БҰҰ мәліметінше, жер сілкінісінен кейін Сирияда 5,3 миллионға жуық адам баспанасыз қалса, екі елде 900 мыңға жуық адам ыстық тамаққа мұқтаж.

Мемлекеттік ақпарат құралдары Сирия үкіметі зілзаладан зардап шеккен өз бақылауынан тыс аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізуді мақұлдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети