Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі: қаза болғандар саны 4 мыңнан асты 07 ақпан 2023, 09:14

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 4 мыңнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 4 мыңнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркияның Төтенше жағдайлар департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезар Anadolu агенттігіне Түркияның оңтүстігіндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2921-ге жеткенін, тағы 15834 адам жарақат алғанын айтты. Бұған дейін Түркия вице-президенті Фуат Октай үйінді астынан 7840 адамның тірідей шығарылғанын хабарлаған.

Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады.

"Әл-Жазира" телеарнасы Сирияда 1444 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Осылайша, қайтыс болғандардың жалпы саны қазірдің өзінде 4365 адам болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram