ПОДЕЛИТЬСЯ
07 ақпан 2023 | 10:21
Түркия орталығында тағы жер сілкінісі тіркелді
Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) сайтына сілтеме жасап.
Деректерге сәйкес, Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 9.13-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Гельбаши ауданынан бес шақырым жерде орналасқан. Ошақ екі шақырым тереңдікте анықталған.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апат салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.
Түркия жеті күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Елдегі және көршілес Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 4 мыңнан асты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также