28 маусым 2016 | 16:35

Түркия премьер-министрі: Ресейлік ұшақтың шығынын өтеу туралы әңгіме болған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bykvu.com © bykvu.com

Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым Түркияның ресейлік Су-24 ұшағының шығынын өтемейтінін айтып отыр. Түркия болған оқиғаға байланысты тек кешірім сұраған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым Түркияның ресейлік Су-24 ұшағының шығынын өтемейтінін айтып отыр. Түркия болған оқиғаға байланысты тек кешірім сұраған, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресейлік ұшақтың шығынын өтеу жайлы әңгіме болған жоқ, біз тек кешірім сұрадық", - деп келтірді Йылдырымның сөзін CNN Turk телеарнасы.

Айта кетейік, бұған дейін Йылдырым TRT телеарнасында Түркияның қажет болған жағдайда ақшаны өтейтінін айтқан болатын.

Еске салайық, РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путинге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғаннан хат алғанын, онда ресейлік Су-24 пилотының қазасына кешірім сұрағаны айтылғанын мәлімдеген болатын. "Ресей Федерациясының президенті Путин Түркия президенті Ердоғаннан хат алды, онда түрік лидері ресейлік әскери ұшақтың пилотының қазасына байланысты жағдайды реттеуге мүдде танытып отырғанын жеткізді", - деді Песков тілшілерге. 

"Ердоған болған оқиғаға байланысты терең күйзеліспен көңіл айтып, Түркия мен Ресейдің дәстүрді достастық қарым-қатынасының қайта орнығуына, сонымен қатар өңірдегі дағдарыс оқиғаларына бірігіп жауап қатуға, терроризммен күресуге бар мүмкіндікті жасайтынын жеткізді", - деп атап өтті Песков.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети