Түркия Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды тану туралы шешіміне пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды тану туралы шешіміне пікір білдірді Фото: pixabay

Түркия Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің ДХР және ЛХР тәуелсіздігін мойындау шешімін айыптады. Түркия Сыртқы істер министрлігі Мәскеудің әрекетін "қабылдауға келмейді" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің ДХР және ЛХР тәуелсіздігін мойындау шешімін айыптады. Түркия Сыртқы істер министрлігі Мәскеудің әрекетін "қабылдауға келмейді" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

"Ресей Федерациясының Донецк және Луганск деп аталатын республикаларды тану туралы шешімі Минск келісімдеріне қайшы келеді, сонымен қатар Украинаның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын айқын бұзу. Ресей Федерациясының шешімі қабылдауға келмейді және біз оны қабылдамаймыз", - делінген Түркия Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігі Түркияның Украинаның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға адалдығын қуаттап, барлық мүдделі тарапты парасатпен әрекет етуге және халықаралық құқықты сақтауға шақыратынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысынан кейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы жарлықтарға қол қойған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети