Анкара Ресеймен арнаны ашық ұстау үшін қарсы санкция салуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы CNN Turk арнасына берген сұхбатында Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Анкара Ресеймен арнаны ашық ұстау үшін қарсы санкция салуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы CNN Turk арнасына берген сұхбатында Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз еліміздің басымдықтарын ескере отырып әрекет етуіміз керек. Ресеймен сөйлесе алатын фактор болуы керек. Бәрі теріс айналып жатса, Ресеймен кім сөйлеседі? Біз осы арнаны ашық қалдыру үшін санкциялар пакетін жоспарлап отырған жоқпыз", - деді Калын.
Түркия президентінің өкілі Украинадағы соғыстың жалғасуы Ресей үшін үлкен апатқа айналуы мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, Мәскеудің Қырымды тану және Украинаны қарусыздандыру туралы талаптары шындыққа жанаспайды.
Ибрахим Калын Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі 2 наурызда өтуі екіталай деп санайды. Техникалық мәселелерге байланысты кездесу бір-екі күнге кейінге шегерілуі мүмкін.
Сондай-ақ, Ердоғанның өкілі ресейлік спортшылардың халықаралық жарыстардан шеттетілуі орынды қадам емес екенін айтты.
Түркия Ресейге қарсы санкцияларға қатысқысы келмейтінін Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу да мәлімдеді.
"Біз мұндай санкцияларға мүлдем қатыспадық. Бұл санкцияларға қатысуға ниетіміз жоқ", - деп келтіреді министрдің Twitter-дегі сөзін Anadolu агенттігі.
#BREAKING Turkiye has no intention of joining in sanctions against Russia, says Turkish foreign minister
— ANADOLU AGENCY (@anadoluagency) March 1, 2022
Өткен демалыс күндері Украинаға жасалған шабуылға байланысты Батыс елдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды. Осылайша, Еуроодақ кез келген ресейлік ұшақтың өз аумағына қонуына және ұшуына тыйым салды. ЕО Ресей Орталық банкінің резервтері мен активтерін басқаруға қатысты операцияларға тыйым салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!