Түркия Ресейге Су-24 оқиғасына қатысты кез келген техникалық ақпаратты ұсынуға, сонымен қатар мұндай жағдайдың болашақта болмауы үшін шаралар қолдануды талқылауға дайын, - деп хабарлайды РИА Новости Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглуға сілтеме жасап.

"Егер ресейлік тарап осы жағдайға байланысты сөйлескісі келсе, біз дайынбыз. Егер олар ақпарат беруімізді қаласа, біз оқиғаның техникалық ақпараттарын толықтай береміз. Олар қарым-қатынасты жақсартқылары келсе, біз сөйлесуге дайынбыз", - деді премьер-министр НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен болған кездесуден кейін.
Еске сала кетейік, Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы Сирия-Түркия шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған. Ұшқыштардың бірі тірі қалды. РФ Әуе күштері Бас штабы шабуылға ұшыраған Су-24 бомбалаушысының Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді және бұл мәліметтің сириялық әуе қорғанысының мәліметтерімен расталатынын алға тартты. Ал Түркия ұшақтың шекараны бұзғанын айтып отыр.