Түркия Сирияға баратын ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігін жапты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия Сирияға баратын ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігін жапты Фото: РИА Новости

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мемлекет Сирияға ұшатын ресейлік әскери және азаматтық ұшақтарға әуе кеңістігін жапқанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мемлекет Сирияға ұшатын ресейлік әскери және азаматтық ұшақтарға әуе кеңістігін жапқанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Чавушоглудың айтуынша, ресейлік әуе кемелерінің ұшуына тыйым сәуірде салынған.

"Ресейдің әскери ұшақтарына, тіпті Сирияға ұшатын азаматтық ұшақтарға әуе кеңістігін жауып тастадық. Үш айға рұқсат бердік. Оларда сәуірге дейін рұқсат болды", - деп жеткізді Sabah газеті министрдің сөзін.

Оның айтуынша, Түркия президенті Тайып Ердоған бұл туралы Владимир Путинге жеткізген, кейін "рейстер тоқтатылған".

Чавушоглу Мәскеу мен Анкара түрлі мәселелер бойынша, соның ішінде Қара теңіз бұғаздарында кеме қатынасына әсер ететін Монтре Конвенциясын жүзеге асыру туралы келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети