12 ақпан 2020 16:38

Түркия Сирияға шабуыл жасайтынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Сирияның үкіметтік әсері шабуылға кірісетін болса, Идлиб дэскалациясы аумағынан тыс жерлерге де шабуыл жасайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Сирияның үкіметтік әсері шабуылға кірісетін болса, Идлиб дэскалациясы аумағынан тыс жерлерге де шабуыл жасайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дүйсенбіде Түркияның қорғаныс министрлігі Идлибте сириялық армия тарапынан болған шабуылдар салдарынан түркиялық бес сарбаз қайтыс болғаны және бес сарбаздың жарақат алғанын айтты. Жауап ретінде түркиялық әскери ведомствоның мәліметінше, Түркия әуе күштері Сирияның 115 нысанына шабуыл жасап, 101 сириялық әскердің көзін жойған. 

"Соңғы күндердегі шабуыл салдарынан бізде 14 адам қаза тапты, 45 адам зардап шекті. Негізінен шабуылдар лаңкестерге емес, бейбіт тұрғындарға жасалған. Мақсаты - осы өңірді оккупациялау, олар тұрғындарды біздің шекараға қарай көшірмек. Біз Сочи келісіміне сәйкес әрекет еттік, бірақ бізден басқа ешкім сөзінде тұрмады. Бұл шабуылдардың нысаны Түркия бола бастады", - деді Ердоған.

Оның айтуынша, Анкара "соңы жоқ келіссөздердің нәтижесін күтпей", оқиға орнында болған жағдайға байланысты әрекет етеді.

"Әрекет етеміз. Ақпанның аяғына дейін режим күшін Сочи келісімі аясында көрсетілген аймақтардан кетуге мәжбүрлейміз", - деді Түркия президенті. 

Ердоғанның сөзінше, Сирия әуе әскери күштері бұрынғыдай елдің солтүстік-батысында еркін әрекет ете алмайды. 

"Біздің әскерімізге кішкентай ғана зиян келсе, Түркия әскери күші Башар Асад режимінің күшіне шабуылдайды", - деді Ердорған. 

3 ақпанда Сирия әскерінің Идлибтегі артиллериялық шабуылынан кейін түркиялық сегіз азамат қаза тапқан болатын, олардың қатарында әскерилермен бірге қарапайым тұрғындар да бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети